қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2025

Профессор Ли Мин Хи (PhD) дәрісі (Global Convergence & Talk Creative)


2025 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым онкүндігі аясында Канвон ұлттық университетінің (KNU) (Корея) профессоры, Жаһандық таланттар орталығының директоры Ли Мин Хи ашық дәріс өткізді.


Дәрістің негізгі тақырыбын «Шетелдік студенттер үшін жаһандық конвергенция» және «Talk Creative» атты авторлық формат құрады. Дәріс академиялық мазмұнды шабыттандырушы ойлармен және практикалық пікір алмасумен ұштасты. Профессор халықаралық білім беру саласындағы өзекті тенденциялар, жаһандық академиялық ортада креативті ойлаудың маңызы және студенттердің өзін-өзі жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.


Дәріс студенттік KSK клубының бастамасымен, аға оқытушы Нам Н. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Бұл дәріс студенттердің ғылым мен білім саласына белсенді қатысуының жарқын көрінісі болды.


Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шара интерактивті әрі

 

  alt=  




Кері оралу