қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2025

Абай университетіндегі көктемгі фестиваль

 

2025 жылдың 21 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында корей тілінде білім алып жатқан студенттерге арналған көктемгі фестиваль ұйымдастырылды. Студенттер қазақ және корей мәдениеттерінің үндестігінен хабар беретін түрлі-түсті, әсерлі концерттік бағдарламалар дайындады: домбыраның үні, әсем ханбоктар мен желпуіштер, қазақ және корей тілдеріндегі әндер, гитара үні, сондай-ақ К-Поп билері көрермендерді тәнті етті.

 

Көрермендер белсенді қатысып, қолдау білдіргендері үшін сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар қатысушылар арасында лотерея өткізілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, үздік деп танылған төрт командаға ақшалай жүлделер берілді.

 

Фестиваль корей тілі оқытушылары - Наталья Нам, Елена Бурмистрова, Мақсат Култасовтың ұйымдастыруымен, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанындағы білім орталығының қаржылай қолдауымен, сондай-ақ Филология факультетінің деканы Алуа Таңжарықова мен шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Қарақат Дүйсенованың қолдауымен өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу