Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | ![]()
28.04.2025
Мектеп және университет арасындағы байланыс нығайтылды
2025 жылғы 24 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылар құрамы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі «И.Искадеров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде іссапармен болды.
Осыдан 2 ай бұрын Абай атындағы ҚазҰПУ мен аталмыш мектеп арасында ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум негізінде жоспарға сәйкес мектепте шығыс филологиясы және аударма кафедрасының филиалы ашылды. Іс-шара бүгінгі білім беру саласының талабына сай, өзара бірлескен ынтымақтастық және мамандарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес болашақ кадрлар даярлауға байланысты қызметтік кездесу ретінде есте қалды.
Іс-шара барысында мектеп мұғалімдеріне әдістемелік семинар өткізілді және 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді. Шараны кафедра меңгерушісі м.а. Қарақат Дүйсенова, ф.ғ.к., доцент Руслан Арзиев, ф.ғ.к., аға оқытушы Элеонора Қансейітова, ф.ғ.к. аға оқытушы Халминам Масимова ұйымдастырды.
Жоспарланған шаралар жоғары деңгейде өтті.
Іс-шаралардың мақсаты - университет пен мектептер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мектеп мұғалімдеріне педагогикалық-әдістемелік қолдау көрсету және түлектерге кәсіби бағдар беру болып табылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|