
 
| Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы |  Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар 
20.10.2025 
 2025 жылы 17 қазан айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әлем тілдері факультеті, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының корей бөлімі оқытушылары: Н.С.Нам, Е.В.Бурмистрова, М.Құлтасовтың ұйымдастыруымен корей тілінде оқитын студенттер арасында III Корей тілі олимпиадасы өтті. Олимпиадаға «Корей және ағылшын тілдерінің мұғалімі», «Екі шет тілі» мамандықтарының 2–4 курс студенттері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің корей тілі мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, білімін тереңдету, тілдік бәсекеге қабілеттілігін дамыту. Олимпиаданы Әлем тілдері факультетінің деканы Еділбай Төлебайұлы құттықтау сөзімен ашып, студенттерге сәттілік тіледі. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Х.Абдрахманова келген қонақтарды таныстырып, студенттерге тіл үйренудегі табандылықтың маңыздылығын атап өтті. Әділ қазылар алқасына Алматыдағы Корея білім беру орталығы директорының орынбасары Ли Тхе Гон, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Сон Юджон, Оңтүстік Корея, Ульсан қаласындағы Оннам бастауыш мектебінің мұғалімі Им Сон Джу шақырылды. Олимпиада жоғары деңгейде өтті, студенттер өз білімдерін сынап, корей тілін меңгерудегі жетістіктерін көрсетті. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ал жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен қатар, қараша айында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де өтетін халықаралық корейтану олимпиадасы мен конференциясына қатысуға жолдама алды. Кері оралу | 
| 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 | Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
 | «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
 |