
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
24.10.2025
2025 жылдың 22 қазанында Әлем тілдері факультетінің шығыс филологиясы және аударма кафедрасының студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттерімен бірлесіп «Тұрақты даму мақсаты» атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Екі жоғары оқу орны бірлесіп өткізген ашық тәрбие сағатының ашылуында Әлем тілдері факультетінің деканы Phd Е.Т.Оспанов құттықтау сөз сөйлеп, бұндай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті. Аталған бірлескен тәрбие іс-шарасына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, жетекшісі Phd А.Е.Алпысбаева, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.,доцент К.Х.Абдрахманова, ф.ғ.д., профессор А.Қ.Жұмабекова, ф.ғ.к., аға оқытушы Н.Р.Шенгелбаева, аға оқытушы Қ.Т.Дүйсенова және «6В02302 – Аударма ісі» 4 курс студенттері белсене қатысты. Ашық тәрбие сағатында 17 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) туралы өзара сұхбаттасулар мен пікіралмасу, сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар ағылшын тілінде жүргізілді. Бұл шара – студентттердің 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар жайлы, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелер жайлы хабардар болуға ынталандырды деуге болады. Сондай-ақ Тұрақты даму мақсаты бойынша әлемдік мәселелерді шешудегі кооперацияның рөлі туралы, жалпы жаһандық климат, соғыс, ашаршылық, қоршаған орта жайында ой қозғалды. Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|