
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
07.12.2025
Жоспарлы іс-шара аясында ұйымдастырылған ашық сабақ (семинар)
05.12.2025. Әлем тілдері факультеті Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы мәжілісінің 2025-2026 оқу жылына бекіткен жоспарлы іс-шарасы аясында кафедраның қауымдастырылған профессор м.а., ф.ғ.к. Е.З.Есбосынов «Аударма ісі» (6B02302) мамандығы 4 курс студенттерімен «Көркем аударма негіздері» пәнінен ашық сабақ өткізді. Аға оқытушы Е.З.Есбосынов «Кемел Тоқаевтің түрік тіліне аударылған детектив еңбектері туралы» деп аталған шағын лекциясында Кемел Тоқаевтің «Таудағы жаңғырық» повестінің түрік тіліне аударылған нұқсқасына шолу жасады. Лекциясында екі тілдегі детектив жанрында орындалған романдарды атап өтіп, аударма барысында кездескен жекелеген проблематикалық тұстарға тоқталды. Атап айтқанда қазақ-түрік тіліндегі одағай мен еліктеуіш сөздердің өзара сәйкестігі мен айырмашылықтары сөз болды. Аударма барысында қолданылған «балама аударма» мен «эквивалентті, сөзбе –сөз» аудармалардың түркі тілдеріндегі көріністеріне тоқталды. Ашық сабаққа Алматы қаласында ғылыми іс-сапармен жүрген PhD доктор Осман Қабадайы қатысып 1923 ж. Анкара қаласындағы Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы жариялаған алғашқы қазақ детективі туралы өз пікірін білдірді. Детективтер жинағының түрік тіліне сапалы аударылғанын атап өтіп, түрік оқырмандарының қызығушылығына ие болғандығын, қазіргі уақытта Түркияда ашық сатылымда екендігін атап өтті. Ашық сабаққа «Аударма ісі» мамандығының аға оқытушысы Ұ.Ақбердіқызы қатысып аударма мамандығының пәндік ерекшелігі мен аударма ғылымының еліміздегі жай-күйіне тоқталып өтті. Аударма саласындағы университтік және республикалық ғылыми жобалар аясында орындаған және орындалып жатқан әс-шараларға шолу жасады. Сондай-ақ түрік тілі аға оқытушысы Н.Қоспағанбетова, арап тілі маманы ф.ғ.к. Э.Қансейітова, Оқу сабақтарын мониторингілеу және бақылау бөлімінің жетекші маманшы магистр Ельчибавева Н.Ж. және магистр М.Тастемір қатысып студенттер дайындаған тематикалық СӨЖ-ге орай өз ойлары мен пікірлерін білдірді. Баяндама – слайттар қызықты болып, Аударма бөлімі ПОҚ пен студенттерінің біліктілік деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|