
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы / Жаңалықтар
10.12.2025
Ұйғыр бөлімінің студенттеріне көмек көрсетілді
2025 жылғы 8 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының “6В01707 ұйғыр тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі” мамандығы бойынша оқып жатқан 13 студентке Республикалық ұйғыр-этно мәдени орталығы тарапынан оқу ақысының 50% табысталды. Шараға қатысқан Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент К. Х. Абдрахманова Республикалық ұйғыр-этно мәдени орталығы өкілдері М. Авамесимова, О.Нуғмановтарға студенттерге көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде, Мизангүл Авамесимова студенттерге арнайы сертификат пен оқу ақысының 50% табыстай отырып, білім алып жатқан студенттерді қолдау Долқунтай Абдухалилов жетекшілігіндегі Республикалық ұйғыр-этно мәдени орталығының әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі екенін жеткізді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|