қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2018

DAAD халықаралық «Study Visit» жобасы

 

«Study Visit» халықаралық жобасы аясында 2018 жылдың 23 қыркүйегінен 2 қазанына дейін Германияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының неміс тілі оқытушысы Кульзаги Ибрагимованың жетекшілігімен «Шетел тілі: екі шет тілі» (ағылшын-неміс) және «Аударма ісі» мамандықтарының 3-4 курс студенттеріне (14 адам) арналған оқу-турлар өткізілді.

 

Жоба бағдарламасына бойынша Гейдельберг педагогикалық университетінің, Фрайбург педагогикалық университетінің және Мюнхендегі Гёте-институтының басшылары мен оқытушылары кездесулер өткізді. Студенттер Хейделберг, Фрайбург, Мюнхен және Венаның негізгі көрікті жерлерінде өткізілген аймақтық географиялық экскурсиялары және ақпараттық семинарларды естерінде сақтап қалды.

 

Жоба қатысушылары DAAD-ның Бонндағы және Алматыдағы өкілдерінің қолдауына және Германияға сапармен баруға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыстарын білдіреді.

 

   

 

   




Кері оралу