қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2019

ҚазҰПУ студенттері халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы конкурсқа қатысты

 

2018 жылдың 5-15желтоқсан аралығында Самара мемлекеттік қоғамдық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен студенттердің шығармашылық потенциалдарын ашу және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында конкурс өтті.


Конкурсқа Қазақстан,Ресей, Украина және Польша университеттерінің студенттері қатысты.

 

Конкурсқа қатысу барысында д.ф.н профессор Айгүл Жұмабекова және аға оқытушы Күлзағи Ибрагимованың жетекшілігімен Анну Гаан және Шеризат Аманкелді музыкалық қолдаумен «Пустой день»(Т.Толстая) әнінің текстіне декломация жасап mp4, avi, хронометраж -1-3 минут аралығын құрайтын орыс тілінде видеожазбалар ұсынылды.


Конкурстың қорытындысы бойынша «Аударма ісі» мамандығының бірінші курс студенттері Анну Гаан 1-ші дәрежелі дипломмен, ал Шеризат Амангелді 2 -ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 




Кері оралу