қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2019

Ресейдегі Халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік сайыстың жеңімпаздары

 

Ресейде, Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінде «Лингвистикалық мағыналар зертханасы» ғылыми іс-шарасы аясындағы Халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік сайыстың қорытындысы шықты. Байқаудың мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Қазылар алқасы әртүрлі елдерден келген білім беру ұйымдары студенттерінің YouTube - видеохостинг сайтына орналастырған видеоматериалдарын бағалады.

 

Жеңімпаздар қатарында біздің университеттің «Аударма ісі» мамандығының 2-ші курс студенттерінен құралған команда бар: Диляра Исаева, Шырын Сауытқанова және Мадина Ыбрай (жетекшісі: Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Айгүл Жұмабекова). ҚазҰПУ командасы «Ең өнерлі декламатор» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

   

 

 

 




Кері оралу