қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.06.2022

Польшада IV Халықаралық Абай оқулары өтті

 


2022 жылғы 9-10 маусымда Слупск қаласындағы Помор академиясында Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына арналған "Абай оқулары: Қазақстан тарихы мен мәдениетінің келешегі" атты IV Халықаралық ғылыми семинары өтті.

 

Ғылыми семинар гибридті форматта Слупск қаласындағы Помор академиясының көп жылдық серіктесі - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп Қазақстан, Польша, АҚШ академиялық топтары, Қазақстанның Польшадағы Елшілігі, Гданьск қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығы, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Поляктар" қоғамы өкілдерінің, сондай-ақ Помор академия, Абай атындағы ҚазҰПУ, Варшава университеті, Познань қаласындағы А. Мицкевич атындағы университеті, Халықаралық бизнес университеті (Алматы қ.), Абай атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ.) қазақстандық және поляк студенттері, магистранттары мен докторанттарының қатысуымен ұйымдастырылды.

 

Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығын және Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің құрметті патронатымен өткізілді.

 

Семинардың ашылуында Слупск қаласындағы Помор академиясының проректорлары - Данута Герчиньска мен Дариуш Фицек, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, сондай-ақ Слупск қаласындағы Помор академиясы Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының үйлестірушісі Максим Пономаренко сөз сөйледі. Іс-шара қатысушыларына бейнеөтініш арқылы Абай Құнанбайұлының шөбересі Ләйлә Баймағамбетова сөз сөйледі.

 

Семинар барысында қатысушылар қазақ даласының аса көрнекті ұлы А. Байтұрсынұлына арналған "Ахмет Байтұрсынұлының поэтикалық мәдениеті", "Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы", "Ахмет Байтұрсынұлының білім беруді дамытудағы рөлі" атты ғылыми баяндамаларды ұсынды.

 

Сонымен қатар, іс-шара қатысушылар Ұлы Абай туралы "Абай Құнанбайұлының Ағарту дәуірдегі еуропалық ойшылдардың көзқарастарымен салыстырғандағы тұжырымдамасы", "И.А. Буниннің Абай мәтіні", "Герольд Бельгердің "Гете мен Абай" очерк-эссесіндегі мәдениетаралық диалогы", "Классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлылығы", "Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы отбасы тақырыбы" тақырыптарында баяндамаларды жасады.

 

Бақытжан Қанапьянов әлемінің ақындық бейнесі, Абай Құнанбайұлы мен Северин Гросс, сондай-ақ Александр Затаевич пен Ахмет Байтұрсынұлы мысалында қазақ-поляк қарым-қатынастарының тарихы атап өтілді. Сондай - ақ қазақ тілі мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлініп, "Қазақ тілі халық мәдениетінің айнасы ретінде" және т.б. тақырыптар айтылды. Қазақстан мен Польшаның жоғары оқу орындарының студенттері Абай Құнанбайұлының шығармаларын көркемдеп оқыды.

 

"Абай оқулары" ғылыми семинары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп Слупск қаласындағы Помор академиясы Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында жыл сайын өткізілетін халықаралық іс-шара.

Абай орталығы 2019 жылғы 23 мамырда құрылды.

 

10.06.2022ж.

Ақпарат көзі: gov.kz