қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.06.2022

Шығармашылық пәндер бойынша мұғалімдер біліктілікті арттыру курсынан өтті

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Оқытушылық шеберлік орталығы мен Өнер, мәдениет және спорт институты 2022 жылдың 13-24 маусым аралығында жалпы білім беретін орта мектептің «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Графика және жобалау» пән мұғалімдеріне арналған «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Графика және жобалау» пәндерін оқытуда оқушылардың «4К» құзіретттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс аралас форматта (онлайн / офлайн) өтті.


Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Витаут университетінің профессоры Raimonda Simanaitiene (Каунас қ., Литва) тыңдаушыларға «Сәндік-қолданбалы өнердің трансформациясы», «Тоқыма (текстиль) өнерінің қазіргі таңдағы орыны», «Керамика өнерінің дамуы» және «Шыны өнерінің эволюциясы» тақырыптарында дәрістер оқып, шеберлік сыныптарын жүргізді. Сонымен қатар, тыңдаушылар мектептің «Технология және өнер» білім беру саласының оқу бағдарламасына сәйкес тың ғылыми-теориялық ақпараттармен танысып, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы тәжірибе жинақтады.


Курстың қорытындысы бойынша тыңдаушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарларын қорғап, «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Графика және жобалау» пәндерін оқытудың өзекті мәселелері, шешу жолдары бойынша өзара тәжірибе алмасып, дөңгелек үстел өтеді.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=