қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.06.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы Мармара университетінің (Түркия) басшылығымен кездесті

 

2022 жылдың 22 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов бастаған университет басшылығының Мармара университетінің (Стамбул қ., Түркия) делегациясымен кездесуі өтті. Мармара университетінен келген делегация құрамында білім беру ісі жөніндегі проректор профессор Мұстафа Желен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор профессор Хасан Қорқыт, бас хатшы, доцент Мұрат Арисал, халықаралық қатынастар және академиялық ынтымақтастық басқармасының бас директоры, профессор Нури Тиназ болды.


Кездесу барысында екі университет туралы ақпарат ұсынылды, олардың бірлескен жұмыс істеу мүмкіндігі талқыланды және екі жоғары оқу орны арасындағы неғұрлым тығыз әріптестіктің негізін қалайтын бағыттар келісілді.


Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты мен Мармара университеті арасында қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды, сонымен қатар екі университет ректорлары өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.


Мәлімет үшін, Мармара университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы кезеңде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 200-ден астам магистранты Мармара университетінде тағылымдамадан өтті.

 

  alt= 

  alt= 

  alt=