қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.07.2022

Abai University зерттеушілері - Санкт-Петербург мемлекеттік университетіндегі Жазғы Мектепте

 

2022 жылдың 22-30 маусым аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Зерттеу қызметі жөніндегі проректоры, з.ғ.д., профессор Е.А. Бөрібаевтың жетекшілігімен Құқықтану кафедрасының педагогтары з.ғ.д., профессор Ж.А. Хамзина, аға оқытушылар Д.С. Байсымакова, Д.Ж. Белхожаева және оқытушы Қ. Тұрлыханқызы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде Жазғы мектепте біліктілігін арттыру курсына қатысты. Курстың тақырыбы - «Еңбек саласындағы адам құқығы». Қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер табыс етілді. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің басшылығы атынан куәліктерді Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Еңбек және әлеуметтік құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Е.Ю. Хохлов тапсырды. СпбМУ басшылығына Abai University атынан естелік сыйлықтарды Зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е.А. Бөрібаев табыстап, Жазғы мектепті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=