қазақша · русский · english
   
 Нұрғалиева Ұлмекен Сатымқызы
ОӘБ-ЖБТ Ғалым хатшысы
Психология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры
Достық даңғылы, 13
 +7(727)-291-90-13
umo_rums@abaiuniversity.edu.kz

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы
оқу-әдістемелік бірлестігі-жобаларды басқару топтары

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқау топтары (әрі қарай ОӘБ-ЖБТ) ҚР бірнеше жоғары оқу орындарының жанындағы Білім және ғылым министрлігі құрған консультативтік-кеңесші жұмыс органы болып табылады (ҚР Білім және ғылым министрінің «Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығы негізінде. 2020 жылғы 11 ақпандағы № 58 бұйрығымен өзгерістер енгізілген).

 

ОӘБ-ЖБТ қызметін басқаруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі жүзеге асырады.

 

ОӘБ-ЖБТ төрағасы - Абай атындағы  ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор, орынбасары - академиялық мәселелер жөніндегі проректор. Іс қағаздарын ОӘБ-ЖБТ ғалым хатшысы жүргізеді.

 

ОӘБ-ЖБТ құрамына педагогикалық кадрлар даярлауды жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер, «Атамекен» ҰКП, Назарбаев Зияткерлік мектептері, ӘБЕО, АИББД ҰҒПО, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері кіреді.

 

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ кадрларды даярлаудың төменде көрсетілген бағыттары бойынша  ҚР жоғары оқу орындарына оқу-әдістемелік қолдау көрсетеді:


Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

011 Педагогика және психология

Педагогика және психология

Педагогикалық өлшемдер

014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін (педагогтерін) даярлау

Музыка мұғалімдерін/педагогтерін даярлау

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау/ Көркем еңбек, графика және жобалау   педагогтерін даярлау

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау/Құқық және экономика негіздері

015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер (педагогтер)  даярлау

Математика мұғалімдерін/педагогтерін даярлау

Физика мұғалімдерін/педагогтерін даярлау

Информатика мұғалімдерін/педагогтерін даярлау

Химия мұғалімдерін/педагогтерін даярлау

Биология мұғалімдерін/педагогтерін даярлау

География мұғалімдерін/педагогтерін даярлау

016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер (педагогтер)  даярлау

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау/ Тарих педагогтерін даярлау

019 Арнайы педагогика

Арнайы педагогика

 

ОӘБ-ЖБТ қызметтері:

- әлемдік білім беру кеңістігінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында ҚР жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен, ұлттық тестілеу орталығымен, «Оқулық» РҒПО өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

- еуропалық, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлеріне, кәсіби стандарттар мен отандық және шетелдік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

- «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша  кадрлар даярлауда оқу-әдістемелік әдебиетпен, электрондық деректер базасымен және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;

- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі бар кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді рецензиялауды ұйымдастыру;

- ҚР ЖОО-на түсу форматын, ҰБТ, КТ бейіндік пәндерін анықтау.