қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.02.2020

«Менің пірім- Сүйінбай» ІV республикалық жас ақындар айтысы

 

Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020 жылдың 14-15 ақпаны күндері «Менің пірім- Сүйінбай» ІV республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылады.


Аламан додаға түсетін жас ақындардың айтысын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағы» басқармасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған айтыс өнерінің саңлақтары қазылық етеді.

 

Айтыстың жүлде қоры:

Бас жүлде - 350 000 теңге
I-ші орын - 200 000 теңге
II-ші орын - 150 000 теңге
III-ші орын - 100 000 теңге


Сонымен қатар 50 000 теңгеден 12 арнайы жүлде қарастырылған.


Айтысқа республикалық жоғары оқу орындарының 18-29 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.

 

Айтыс екі кезеңде өтеді.


Іріктеу кезеңі 14 ақпан күні сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бас оқу ғимаратының конференц-залында өтеді. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 13.

 

Ақтық кезең 15 ақпан күні сағат 11.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы өтеді. Мекен-жайы: Қалдаяқов көшесі 35.