қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.09.2022

М. Әуезовтің музей-үйінде өткен әдеби кеш

 

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйінде жазушының туғанына 125 жыл толуына орай «М.Әуезов - дәуір адамы» әдеби кеші өтті. Қазақтың ұлы жазушысы замандастарының санасына ғалым, педагог, қоғам қайраткері, энциклопедиялық білім мен жоғары эрудиция адамы ретінде еніп, ұрпақтарының жадына сақталғаны сөзсіз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс студенттері мен Алматы қаласының № 165 мамандандырылған лицейінің оқушылары осы кеште қызықты адамдармен кездесіп, Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы көп нәрсе білді.

 

Кешке Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева, Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консулы Татьяна Барышникова, Алматыдағы Ресейлік ынтымақтастық өкілі Юлия Глущак; белгілі қазақ жазушысы, ақын-майдангер, журналист және әдебиеттанушы Әзілхан Нұршайықовтың қызы Жаннат Нұршайықова қатысты.

 

№165 мамандандырылған лицейдің 9-шы сынып оқушылары жазушының замандастарының естеліктері негізінде жасалған М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби композиция дайындады.

 

Светлана Ананьева мұражай мен М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ауқымды ағартушылық жұмысы туралы, жазушының шығармашылығына арналған халықаралық шығармалар конкурсы туралы, М.О. Әуезовтің есімімен аталатын Минск қаласының №143 жалпы орта білім беретін мектебімен достық пен байланыс туралы әңгімеледі.

 

Жаннат Нұршайықова отбасында сақталған естеліктерімен бөлісіп, кеш қонақтарына әкесінің Мұхтар Әуезовпен бірге түскен суреттерін көрсетті.

 

Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева барлық қатысушыларға шын жүректен алғысын білдіріп, мұндай кештер жастардың ой-өрісін кеңейтіп, әдебиет сүйер қауымды эмоционалды түрде байыта түсетінін атап өтті.

 

Кездесу мұражай-үйге экскурсиямен аяқталды.

 

М.Әуезов мемориалдық музей-үйінің директоры Диар Қонаевқа әдеби кеш өткізудегі көмегі үшін ерекше алғыс білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=