қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.10.2022

Магистрант-психологтар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицерлерімен оқыту семинарын өткізді

 

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінде Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология инстиутына қарасты «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының «7М03116 - Психологиялық диагностика және қабілеттерді дамыту» мамандығында білім алатын магистранттар PhD доктор, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры Ниетбаева Г. Б. даму стратегиясын іске асыру және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінде оқыту семинарын өткізді. Оқыту семинары әскери психологтар мен офицер-тәрбиешілердің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.

 

Оқыту семинарының тыңдаушылары семинардың өткізілуі мен мазмұны жайлы өзіндік жағымды пікірлерімен бөлісті, офицерлердің жеке тұлғасын психологиялық тұрғыда дамыту бойынша материалдың құнды әрі мазмұнды болғанына ерекше назар аударды. Оқыту семинарының соңында «7М03116 - Психологиялық диагностика және қабілеттерді дамыту» мамандығының магистранттары ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды, PhD доктор, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры Г.Б. Ниетбаева «Алғыс хатпен» және «ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=