қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.10.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығының Хонам университетінің делегациясымен кездесуі (Корея Республикасы)

 

2022 жылдың 4 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева бастаған университет басшылығы және де Хонам (Кванжу, Корея Республикасы) университетінің ректоры Пак Сан Чоль, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сон Ван И бастаған делегациясымен кездесті.

 

Кездесу барысында екі жоғары оқу орны туралы ақпарат ұсынылып, университеттер арасындағы тығыз әріптестікті бастайтын өзара ынтымақтастық бағыттары қаралды. Кездесу екі университет басшыларының өзара түсіністік туралы Меморандумына қол қойылуымен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=