қазақша · русский · english
   

 






2017 жылдың 30 қарашасынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және білім беру жүйесін өзгерту туралы тапсырмаларды орындау аясында және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен ҚазҰПУ-дың Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығы құрылды.

«Шапағат» орталығының негізгі міндеттері - білім алушыларға (бакалавр, магистр, докторанттарға) оқу-білім саласында, әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық, сауықтыру бағытында уақтылы «Бір терезе» принципінде көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру.

«Шапағат» орталығының көрсететін қызмет түрлері:
- диплом қосымшасының түпнұсқасын беру;
- академиялық анықтамаларды беру;
- студентке университетте білім алып жатыр деген сұраған мекемеге анықтама беру;
- транскрипт беру;
- транскрипт беру (ректордың қолымен);
- институттарды студенттік билетпен қамтамасыз ету;
- тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге тұру және тіркеуден шығару;
- уақытша әскери есепке алу және әскери есептен шығару;
- студенттерге қаржы жағынан кеңес беру (оқу мен жатақхана төлем акысы);
- «Оңай» бағдарламасы бойынша студенттерді тіркеу.
- «Антиплагиат» жүйесін қолдану арқылы магистрлік диссертацияларды тексеру.


Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.00 дейін, 13.00-ден 14.00 дейін үзіліс.

 

«Шапағат» цифрлық студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметі