қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.02.2020

Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!


ҚазҰПУ-дың серіктес университеті - Мугла Сыткы Кочман университеті, Түркия «Мевлана» алмасу бағдарламасына қатысуға тілек білдірушілерді келесі бағыттар бойынша шақырады: Заманауи түрік диалектері және әдебиеті (Бакалавриат, магистратура), Педагогика және бастауыш білім беру әдістері (Бакалавриат және магистратура), Химия (Бакалавриат), Математика (Бакалавриат), Жаратылыстану (Бакалавриат), Бейнелеу өнері (Бакалавриат).

 

Мевлана алмасу бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантураның студенттері қатыса алады.

 

Студенттердің қатысу шарттары:

1. Бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері «Мевлана» алмасу бағдарламасына бірінші семестрде қатыса алмайды. Сонымен қатар, бакалавриаттағы үшінші курс студенттері қатыса алмайды.
2. Бакалавриаттың студенттері (GPA 2,5/4,0-ден төмен емес немесе 100%-дан 65%), магистранттар мен докторанттар (GPA 3.0/4,0-ден төмен емес немесе 100% -дан 76,66%).
3. Түрік тілінен тест тапсыру туралы куәлік болуы қажет.
4. Ағылшын тілін білу артықшылық болып есептеледі.
5. Бағалау барысында 50% GPA және 50% тіл туралы білімді ескереді.
6. Оқу мерзімі: 4 ай.


Осы бағдарламаға қатысу үшін:

1. Candidate Student Application Form толтыру.
2. Ағылшын тілінде транскрипт.
3. Түрік тілін меңгеретінін растайтын куәлік қажет.

 

Мугла Сыткы Кочман университетінде оқитын студенттерге арналған шәкіртақы 1300 айлық лирді құрайды, ол 4 айға есептеледі. Шәкіртақының 80% әр ай сайын беріледі; шәкіртақының қалған бөлігі оқудың соңында нәтижелеріне байланысты беріледі.

 

Студенттер әуе жолына және визаға арналған шығындарды өздері төлейді.

 

МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері:

1. Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызғаа дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде студенттің аты-жөні, мамандығы және оқу курсы көрсетілуі тиіс. Мысалы: ALIYA_SABYROVA_CHEMISTRY_2YEAR_BACHELOR.Хаттың тақырыбына міндетті түрде студенттің аты-жөнін, мамандығын және курсын жазу қажет;
2. Іріктеу конкурсын Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы 2020 жылдың 5 наурызында өткізетін болады (нақты уақыт кейінірек телефон/пошта арқылы айтылады);
3. Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы іріктеген құжаттар серіктес ЖООна жіберіледі;
4. Серіктес ЖООнан шешімнің келуі.


ПОҚ қатысу шарттары:

Профессор-оқытушылар құрамы үшін «Мевлана» бағдарламасыда түрік тарапынан ақысы төленетін кем дегенде аптасына 6 сағатқа дәріс қарастырылады. Егер оқытушылар сағаттардың қажетті санын жинамаса, онда бұл жағдайда олар семинарлар өткізеді, топта жұмыс істейді, сондай-ақ конференцияларға қатысады.

ПОҚ ұтқырлығының мерзімі 2 аптадан 3 айға дейін болады.

 

Осы бағдарламаға қатысу үшін оқытушылар келесі құжаттарды тапсырады:

1. Academic Staff Information Form толтыру;
2. Түйіндеме;
3. Басылымдар, презентациялар, жобалар;
4. Қабылдаушы ЖОО-дағы жұмыс жоспары;
5. Ағылшын немесе түрік тілін жақсы меңгеру (университеттің талабы бойынша сертификат).

 

Ұшу, визалық шығындар және сақтандыру студенттер мен оқытушылардың өз есебінен төленеді *

 

Қосымша ақпаратты Mevlana Exchange Programme Application Details алуға болады.

 

МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері:

1.Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызға дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде қатысушының аты-жөні, мамандығы, институтың атауы және кафедрасы көрсетілуі тиіс.
2. Іріктеу конкурсын Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы 2020 жылдың 5 наурызында өткізетін болады (нақты уақыт кейінірек телефон / пошта арқылы айтылады);
3. Абай атындағы ҚазҰПУ комиссиясы іріктеген құжаттар серіктес ЖОО-на жіберіледі;
4. Серіктес ЖОО-нан шешімнің келуі.

 

Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға гранттың берілуі немесе берілмеуі жайлы шешімді тек түрік жағы қабылдайды.

 

«Мевлана» бағдарламасына қатысу үшін Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі, №1 оқу ғимараты, 205 кабинет, 8 727 291 36 92 телефоны арқылы байланысу керек.