қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.02.2020

«Ойшыл-сыршыл жырлармен өрнектелген өнегелі өмір иесі» кеші өтеді

 

2020 жылдың 3 наурызында көрнекті ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл атындағы және «Алаш» халықаралық сыйлықтарының лауреаты, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Нәзікен Алпамысқызының шығармашылығына арналған «Ойшыл-сыршыл жырлармен өрнектелген өнегелі өмір иесі» әдеби-танымдық кеші өтеді.

 

Әдеби-танымдық кешке қатысатын қонақтар: Нұрғали Нүсіпжанов - әнші, Қазақстанның Халық әртісі; Әлия Бөпежанова - сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Жадыра Дәрібаева - ақын, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұранының авторларының бірі, «Құрмет» орденінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері; Баян Бекетова - Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

 

Басталуы: сағат 11:00.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы Достық көшесі,13.Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас ғимараты, 225-дәрісхана.

 

Ұйыдастырушылар: Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Телефон:+ 7 7089155083