қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
27.10.2022

Абай университетінде қызметкерлерге ағылшын тілін тегін үйрететін клуб ашылды

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Abai University Speaking Club ресми ашылды. Іс-шараға басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысты.


Ашылу салтанатының қонақтары АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулдығының өкілі Чэд Киннер, ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Тайтелиева және америкалық кеңестің өкілі, бағдарлама үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев.


Дархан Біләлов университет қызметкерлеріне ағылшын тілін тегін оқып, жетілдіруге мүмкіндік берілгенін атап өтті.


«Университет стратегиясының негізгі тармақтарының бірі - «үйдегі интернационалдандыру» принципі (Knight, 2004). Жаңа клуб - бұл біздің стратегиямызды жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам. Осылайша, біз университет пен жалпы білім беру жұмысының сапасын арттыруды, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері мен студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеміз. Клуб қызметіне сәттілік тілей отырып, біз серіктестерімізге алғыс айтамыз», - деді ректор.


Abai University Speaking Club ашылу салтанатының қызыл лентасын Чэд Киннер мен Мақсат Қошқарбаев қиды. Олар клуб жұмысына табыс тіледі. Салтанатты шара вокалдық, аспаптық және би нөмірлерінен тұратын концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

27.10.2020 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz