қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.11.2022

Азиядағы үздік университеттердің бірі

 


 

Абай университеті Азиядағы үздік университетінің 20%-на кірді


2022 жылдың 8 қарашасында QS World University Rankings: Asia 2023 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды, онда Абай университеті 760 қатысушының арасында 147-ші орынды иеленіп, Азиядағы үздік университетінің 20%-на кірді. Абай университеті лайықты нәтиже көрсетіп, Азияның топ-100 университет құрамына жақындады, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

 

Азия университтерінің өркендеуі және жаһандық білім беру кеңістігінің шеткі бөлігінен орталығына ауысуы - қазіргі заманнның маңызды оқиғаларының бірі. Егер 2022 жылы Қазақстан QS EECA University Rankings - Еуропа мен Орталық Азияның дамушы елдері шеңберінде бағаланса, биылғы жылы алғаш рет Азияның барлық елдері Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін қоса алғанда, бір ірі мега-аймаққа біріктіріліп, әлемдік аренадағы жоғары білім беру жүйесі бойынша бәсекеге қабілеттілігі барын көрсетті. Бұл рейтингке Қазақстаннан 32 жоғары оқу орны қатысты. Пекин университеті, Сингапур ұлттық университеті, Цинхуа университеті (Қытай) осы үш университет Азия рейтингінде көш бастап, алғашқы үш орынды иеленді.

 

Орталық Азия аймағында қазақстандық жоғары оқу орындары сенімді көш бастап келеді: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Сәтбаев атындағы университет, олардан кейін Абай атындағы ҚазҰПУ төртінші орында. Ең жақын көрші елдерден Орталық Азиядағы Америка университеті (Қырғызстан), Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты (Өзбекстан) және Тәжікстан ұлттық университеті (Тәжікстан) ұсынылған. Орталық Азия өңірлік рейтингін Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті жауып отыр.

 

QS рейтингінің әдістемесі «академиялық бедел», «жұмыс беруші арасындағы бедел», «ПОҚ мен студенттердің санының арақатынасы», «PhD дәрежесі бар қызметкерлер», «мақалаға дәйексөздер», «жарияланымдар саны», «халықаралық зерттеу байланыстары», «шетелдік ПОҚ мен студенттердің үлесі», сондай-ақ «академиялық ұтқырлық (кіріс және шығыс)» сияқты негізгі көрсеткіштерді талдауға негізделген. Олардың ішінде үш индикатор бойынша университет рейтингте өте жоғары орындарға ие болды.

 

«Шетелдік ПОҚ үлесі» индикаторы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, рейтингтің 61 орнына ие болды, бұл көбінесе шетелдік ғалымдармен, әсіресе Сорбонна-Қазақстан институтының қызметі аясында дамыған ынтымақтастыққа байланысты.

 

«Оқытушылар құрамының білім алушылар санына қатынасы» көрсеткіші бойынша 79 орында. Бұл көрсеткіш университеттің сапаға деген ұмтылысының жанама дәлелі болып табылады және штаттық оқытушылардың жүз студентке қатынасын бағалайды. Оқытуды, тәлімгерлікті, оқу бағдарламаларын әзірлеуді қамтитын білім беру процесінде жұмыс істейтін академиялық ресурс неғұрлым көп болса, оқу сапасы да соғұрлым жоғары болады.

 

Жаһандық академиялық кеңістікте университеттің тұрақтылығы мен танылуын көрсететін маңызды көрсеткіш «академиялық бедел» көрсеткіші бойынша QS сарапшылар қауымдастығы тарапынан оң бағаланып, 84-орынға ие болғанын айта кеткен жөн. Оны бағалау Scopus деректер базасында индекстелетін халықаралық журналдарда жарияланымдары бар беделді ғалымдар арасында жүргізілген сауалнама әдісін қолдануға негізделген. Биылғы жылы зерттеу компоненті бойынша әлемнің жетекші университеттерін анықтау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен 150 мыңнан астам ғалымның пікірі ескерілді.

 

Екі санат бойынша «Академиялық алмасу (шығыс ұтқырлық)» және «жұмыс берушілер арасындағы бедел» сәйкесінше біз 133 және 138 позицияларды иелендік. Академиялық ұтқырлықты дамыту университетті интернационалдандыру көрсеткіштерінің бірі және білім алушыларға халықаралық білім беру кеңістігіне кірігуіне мүмкіндік береді. Алдағы уақытта біз шығыс академиялық ұтқырлықты жеткілікті қаржыландыру мәселелеріне назар аударып, оның көрсеткіштерін арттыруға ұмтылуымыз керек. Abai University жұмыс берушілер арасында беделі артып келе жатқанын білеміз, бұл ең алдымен педагогикалық мамандықтарды бітірушілерге деген сұраныстан көрінеді, бұл өз кезегінде берілетін білімнің сапасын айғақтайды. Бүгінгі таңда университет түлектері еліміздің ең шалғай бұрыштарында да, сондай-ақ ірі қалаларда және көршілес Орталық Азия елдерінде де қызмет етуде.

 

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі соңғы жылдары тұрақты өсу динамикасын көрсетіп келе жатқанына бәріміз куәміз. Импакт-факторы мен пайыздық көрсеткіші жоғары халықаралық журналдардағы жарияланымдар, сондай-ақ олардың дәйексөздері артып келеді. Ғылыми өнімділік, университет өнімділігі айтарлықтай өсті, ғылыми байланыстар белсенді түрде дамып келеді. Жиынтық ғылыми көрсеткіштер бойынша алынған орын 301+ сәйкес келеді. Бұл позиция дамудың болашақ векторын көрсетеді - халықаралық ғылыми байланыстар біздің өсу нүктемізге айналады.

 

Абай университеті алғаш рет QS Asia University Rankings 2023 рейтингіне қатысып, әлемдік жоғары білім беру жүйесінде өзінің орнықты деңгейін айқындады.

 

Осыны негізге ала отырып, аймақтық және Орталық Азия деңгейінде университет жаңа формациядағы оқытушыларды даярлай отырып, педагогикалық білім берудің көшбасшысы болу жөніндегі стратегиялық көзқарасын жүзеге асырды. Қазақстан деңгейінде университет ұстаздық білімнің даусыз флагманы болып табылады. Рейтинг нәтижелерін талдау QS Asia университеттерінің күшті және әлсіз жақтарына негізделіп, университет халықаралық рейтингте көрсеткіштерді одан әрі жетілдіру және ілгерілету үшін жүйелі және жоспарлы түрде жұмыс істеу керектігін айқындады.

 

09.11.2022 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz