қазақша · русский · english
   

Абай атындағы ҚазҰПУ - дың «Рухани жаңғыру» орталығы


ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында университет ректорының бұйрығымен 2017 жылы жобалық кеңсе ашылып, 2019 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Рухани Жаңғыру» орталығы болып қайта құрылды.


Орталықтың негізгі мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған идеялар мен ұстанымдарды нақты шаралармен іске асыру. Атап айтқанда, білім салтанаты, прагматикалық құндылықтарды дарыту, бәсекеге қабілеттілік, адами капиталды арттыру және халықаралық деңгейде ұлттық бірегейлікті көрсету.


«Рухани жаңғыру» орталығының негізгі бағыттары:
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында нақты іс-шаралар ұйымдастыру және іске асыру.
2. «Рухани жаңғыру»бағдарламасын насихаттау және Алматы қаласы мен өңірдің білім беру мекемелерінде жастар арасында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зерттеу, талдау және танымдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, жұмыстың нәтижелерін жариялау.

«Рухани жаңғыру» орталығы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимаратында Достық даңғылы, 13 мекен-жайында орналасқан.


Байланыс телефондары:
8 (727) 291- 46-88 - «Рухани жаңғыру» орталық директоры;
8 (727) 291-27-00 - «Рухани жаңғыру» орталық менеджері.


Абай университеті Рухани жаңғыру үрдісінде 2020/2021 оқу жылы