қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
16.11.2022

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Абай университетінде болды

 


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абай студенттік орталығының салтанатты ашылуына қатысты, - деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.


Министр студенттерді ең батыл идеяларды жүзеге асыруға, қызықты жобалар мен стартаптарды дамытуға көмектесетін жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады. Abai Student Center жалпы білім беру саласын дамытуға қызмет ететінін және Қазақстанның басқа университеттері үшін жарқын үлгі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев білім мен ғылым саласына, адами әлеуетті арттыруға, жастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғаны баса айтылды.


«Бұл орталық университетке ел Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Мен Борис Умановтың игі ісін ерекше атап өткім келеді. Белгілі отандық педагог - ғалымның ұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ - дың дамуы мен еліміздің педагогикалық білімнің қалыптасуына зор үлес қосқан заманауи қазақстандық педагогиканың негізін қалаушылардың бірі Григорий Абрамович Умановтың құрметіне Abai Student Center құруға демеуші бола отырып,студенттерге үлкен қолдау көрсетті», - деді Саясат Нұрбек.


Университет ректоры Дархан Біләлов осындай маңызды іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысын білдіріп, біздің ЖОО-ның негізі оқытушылар мен студенттер болып табылатынын атап өтті. «Сондықтан біз олардың тиімді оқуы мен жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз», - деді.


Іс-шара барысында ең заманауи құрал-жабдықтармен және қажетті материалдармен жабдықталған Студенттік орталыққа экскурсия жасалды. Мұнда студенттерге арналған коворкинг-орталық, пікірсайыс және университет клубтары (бүгінде 26 клуб бар) жұмыс істейтін кабинеттер, музыка бөлмесі, жоғарғы қабатта - психологиялық көмек көрсету орталығы, Жас ақындар орталығы орналасқан. Министр белгілі ғалымның отбасының қолдауымен жабдықталған профессор Г.А.Уманов атындағы аудиторияда да болды. Оқу аудиториясы заманауи жиһаздармен және техникалық мүмкіндіктері бар DigiTouch ВВ-86 интерактивті панелімен жабдықталған.


Саясат Нұрбек университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесті. Республика күніне орай ел Президентінің Жарлығымен марапатталған Білім және ғылым саласының бірқатар өкілдеріне «Ерен еңбегі үшін» медальдары, сондай-ақ министрдің Құрмет грамоталары мен алғыс хат табыс етілді.

 

16.11.2022 ж.

  Ақпарат көзі: bilimdinews.kz