қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.04.2020

Мұхаммед бен Заид жасанды интеллект университетінің стипендиясы (БАӘ)

 

Мұхаммед бен Заид Жасанды интеллект университеті Абу-Дабиде (БАӘ) 2020 жылы құрылған. Бұл әлемдегі алғашқы Жасанды интеллект зерттеу университеті.

 

Қазіргі уақытта бұл университетте магистрлік бағдарламалар (2 жыл) және аспирантура (4 жыл) бойынша: «Компьютерлік көру», «Машиналық оқыту», сонымен қатар «Табиғи тілдерді өңдеу» (2021 жылдан бастап) мамандықтары ұсынылуда. Бұл академиялық бағдарламаларда оқу, зерттеу, кәсіби қызмет арасындағы байланыстар ескерілген.

 

Барлық қабылданған студенттерге оқу, тұру, тамақтану, жолақы, медициналық сақтандыру шығындары кіретін 100% шәкіртақы тағайындалады. Шәкіртақы оқудың барлық кезеңінде сақталады.

 

Толық ақпарат пен өтініш формасы университеттің ресми сайтында: https://mbzuai.ac.ae/ көрсетілген.

 

Үміткерлер бағдарлама маманы Анастасия Трачпен байланыса алады: atrach@iie.org немесе +7 495 966 ​​93 53 (Мәскеу кеңсесі) және +7 925 616 41 76 (ұялы тел.).