қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.11.2022

«Abay tulektery» жобасы басталды

 

2022 жылғы 22 қарашада Абай университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі қаламызда орналасқан Нархоз колледжінде «Abay tulektery» жобасының алғашқы кездесуін өткізді.

 

«Abay tulektery» жобасы негізгі екі бағыт бойынша жұмыс жасайды. Қоғамда өз ерекшелігімен жетістікке жетіп, танымал болған түлектердің қатысуымен түрлі іс-шаралар, кездесулер, дәрістер мен ютуб каналдарында подкаст түсірілімдер өткізу. Университет түлектерінің жұмыс орнына барып қызметімен танысып, қоғамдық жұмыста қолдау көрсету негізгі бағыттың бірі болып табылады.

 

Алғашқы кездесу университетіміздің Өнер, мәдинет және спорт институтының түлегі, қазір Алматы қаласында орналасқан Нархоз колледжінің директор орынбасары Тоқтасынов Еркебұланның шақыруымен аталмыш білім ордасында өтті.

 

Кездесуге спикер ретінде қара шағырық түлектері, жобалық кеңсе жеткешісі Сеитов Рашид және актер, продюссер, пародист Ерлан Қасымжанұлы қатысты. Жиын студенттермен еркін форматта өтті.

 

Кездесу барысында жастарға рухани даму, мамандық таңдау, білім алудағы және қоғамдық өмірде белсенді болудың маңызы мен өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыру бойынша пайдалы кеңестер айтылды.

 

Сонымен қатар, Ерлан Қасымжанұлы пародия жанрында өз біліктілігін көрсетіп, жастарға өнер жолының қыр-сырларымен бөлісті.

«Abay tulektery» жобасы алдағы уақытта кең көлемде өз жалғасын таппақ.

 

  alt=  

 

  alt=



127

Кері оралу