қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.04.2020

«Абай тағылымының маңызы» онлайн-конкурсына эссе
өткізуге арнайы нұсқаулық

 

2020 жылдың 20 cәуірінде сағат 9.00-13.00 аралығында Филология және көптілді білім беру инcтитуты академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай тағылымының маңызы» тақырыбында эссе жазу онлайн-конкурсы Абай университетінің қашықтан оқыту орталығының қатысуымен онлайн форматында өткізіледі.

 

Қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс жасау алгоритмі:

1. dis.kaznpu.kz сайтына кіру;

2. «Порталға кіру» түймесін басу;

3. Логин енгізу;

4. Құпия сөзді енгізу;

5. «Менің курсым» мәзіріне кіру;

6. Әрбір студент өзіне қажетті пәнді таңдау керек. Мысалы «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

7. Бағалау критериімен танысу;

- тапсырманың түрлерімен танысу;

- тапсырманы орындау.

 

Ескерту:

Студенттерге жеке логин және құпия сөз берілген, қашықтан оқыту жүйесіне әрбір студент тек өзіне берілген логин мен пароль арқылы кіре алады. Қосымша қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс жасау ережесімен (Инструкция студента по ДО КазНПУ им. Абая) танысуға мүмкіндігі бар.

«Абай тағылымының маңызы» онлайн-конкурс қорытындысы 2020 жылы 21 сәуірде Абай университетінің www.kaznpu.kz сайтында жарияланады.

 

Байланыс телефоны: Найманбаев Алмас 87078229402, Сатемирова Дариға 87016083452, 87073759673