қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.11.2022

Алматыда Abai Student Center ашылды 

 


 

Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінің жанынан Студенттер орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Енді осында оқитын 16 мыңнан аса студент қосымша дағдыларын дамыта алады. Атап айтқанда, бұл жерде театр үйірмесі, ақындар және SMM орталығы, пікірталас алаңы жұмыс істейді. Одан өзге де бірнеше қызмет түрі көрсетіледі. Нысанды атақты ұстаз Григорий Умановтың ұлы Борис Уманов өз қаржысына жөндетіп, университетке сыйға тартты. Ол әкесіне, жалпы ұстаздар қауымына деген құрметін осылай білдірді.

 

Еске сала кетейік, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Григорий Абрамович ұзақ жылдар осы жоғары оқу орнында еңбек еткен. Мамандардың пікірінше, университеттер кадр даярлауда жұмыс берушілердің талап-тілегін ескеруі тиіс. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қазір еңбек нарығында түлектің негізгі базалық мамандығымен қоса, шығармашылық, стандарттан тыс ойлай білу қабілетіне де назар аударады. Сондықтан студенттердің қосымша дағдыларды меңгеріп шығуына мән беру қажет.

 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

 

- Осы жылдан бастап 4 жоғары оқу орнында пилоттық жобаны бастадық. Енді студенттің бағасы академиялық көрсекіштермен ғана өлшенбей, 50% академиялық көрсеткіш, 25% ғылыми зерттеу көрсеткіші, 25% осындай әлеуметтік волонтерлік пікірсайыс түрінде есептелетін болады.

 

15.11.2022 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz