қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
19.11.2022

«Алматыкітап» оқулықтарының цифрландырылған нұсқасы ұсынылды

 


 

«Алматыкітап» баспасы «TopIQ.kz» тұңғыш отандық электрондық оқулықтар платформасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

 

«Алматыкітап» баспасының Цифрландыру бөлімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары Тұрашова Ш.П. және Наурызбаев Д.Б жалпы білім беру мектептеріне арналған баспа оқулықтарының цифрландырылған нұсқасын жасап шықты.

 

Қазір оқытушылар шамамен 20-дан астам оқулықтарды цифрландырды. Атап айтқанда, «Информатика» (5-6-сынып), «Цифрлық сауаттылық» (4-сынып), «Физика» (7-сынып), «Математика» (6-сынып), «Геометрия» (7-сынып), «Жаратылыстану» (3 сынып). Оқулықтар https://topiq.kz/ru платформасына қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүктелген.

 

Қазір оқушылар мен мұғалімдер платформада орналасқан электрондық оқулықтарды, оқулықтағы интерактивті тапсырмаларды сабақ уақытында қолданып, оның тиімділігі мен заман сұранысына сай әзірленгенін атап өтті.

 

 

19.11.2022 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz



56

Кері оралу