қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.11.2022

Магистранттарға арналған шетелдік ғылыми тағылымдама


Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары Қазан федералды университетінде (Ресей) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Тағылымдама барысында магистранттар ҚФУ жетекші профессорларының консультацияларын алды. Магистранттардың зерттеу жұмыстарының басым бөлігін ҚФУ зертханалары мен ғылыми кітапханаларында өткізіп, шетелдік университет ұйымдастырған ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысты.


Бұл тағылымдама магистранттарға зерттеу жұмысының жаңа перспективаларын көруге, зерттелетін мәселеге терең талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Сол мәселені шешу үшін жаңа идеялар ұсынуға және оңтайлы нәтижелерге жетуге ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=



67

Кері оралу