қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.04.2020

«Қашықтан оқыту тиімді ме?» халықаралық байқауы

 

Педагогика және психология институты БОПӘ кафедрасы сырттай форматта «Қашықтан оқыту тиімді ме?» тақырыбында студенттердің шығармашылық жұмыстарына арналған халықаралық байқау өткізеді.

 

Байқау мақсаты - қашықтан оқытудың тек келеңсіз тұстарын ғана әшкерелейтін мифтарды жоққа шығарып, білім алушылармен осы жұмыс түрінің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін көрсету.

 

2020 жылдың 20 сәуірінде қазылар алқасы «Қашықтан оқыту - бұл керемет!»,«Қашықтан оқыту - бұл кездесудің жаңа түрі!», «Қашықтан оқыту - сапалы білім!» номинациялары бойынша жеңімпаздарды хабарлайды.

 

Байқауды ұйымдастарушы - п.ғ.м., аға оқытушы Рябова Е.В.


Байқау бағдарламасы

 

Өтетін күні

 Мазмұны

1

30 наурыз - 13 сәуір

Байқау жайында хабарландыру (байқау жайында хабарландыруды қайталау)

2

30 наурыз - 18 сәуір

Байқау материалдарын жинақтау

3

18 -19 сәуір

 

Байқау материалдарын қазылар алқасы мүшелерінің бағалауы, номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау

4

20 сәуір

«Универ» порталында байқау жеңімпаздарын жариялау


Қазылар алқасы:

 

1. Баимбетова Г.А. - Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялар бөлімінің бастығы.
2. Мажинов Б. М. - PhD, ППИ директорының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары.
3. Жумабаева А.Е. - п.ғ.д., профессор, БОПӘ кафедрасының меңгерушісі
4. Амирова А.С. - п.ғ.д., БОПӘ кафедрасының профессоры
5. Уайсова Г.И. - п.ғ.к., БОПӘ кафедрасының профессоры
6. Абдыкадыров А.О. - п.ғ.м., БОПӘ кафедрасының аға оқытушысы