қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.11.2022

Біздің студенттер - «Мағжан әлемі» байқауының жеңімпаздары


2022 жылдың 28 қарашасында қазақ поэзиясының алыбы, ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай Алматы Менеджмент университетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында шығармашылық байқау өтті. Байқауға Алматы қаласының 9 университеттің студенттері қатысты. Олардың арасында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Сүлеймен Демирель атындағы университ және т.б. университеттердің студенттері. 9 университеттің ішінен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері 1-ші орынды иеленіп, 60 000 тенге ақшалай жүлде сыйына ие болды. Байқау барысында Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Қалдыгүл Таспулатованың жетекшілік жасайтын «Тарих-география( мамандығының 2 курс студенті Нариман Оңайбаев ерекше көзге түсті.


Университетте үздік білім ала жүріп, өзінің шығармашылық қабілеті мен өнерін қатар алып жүрген Нариман Оңайбаевты жемісті жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

 

  alt=