қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2022

«Біз таланаттарды іздейміз!» байқауы

 

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында 2022 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласында орналасқан Облыстық қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығында «Біз таланаттарды іздейміз!» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы - Абай университетінің «Лидер» студенттер клубы.

 

Байқауға қатысушылар - Облыстық қиын жағдайда қалған балаларды қолдау оталығының тәрбиеленушілері және жетекшілері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Лидер» студенттер клубының мүшелері. Байқаудың қонақтары - Абай университеті Педагогика және психология инстиутының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанттары мен кураторы Зульфия Махмутова және Ферғана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан) келген ғалымдар, сонымен қатар студенттердің ата-аналары болды.

 

Байқаудың әділ қазы алқазы мүшелері - Абай атындағы ҚазҰПУ «Лидер» студенттер клубының жетекшісі - А.А. Алимбекова, Облыстық қиын жағдайда қалған балаларды қолдау оталығының директорының орынбасары П.К. Мешітбаева, Түріксіб ауданы №203 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Б. Раимов және «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығының 4 курс студенті Б.М. Жақыпбай болды.


Байқаудың мақсаты - болашақ педагогтердің кәсіби көшбасшылық қабілеттерін жетілдіру арқылы балалардың шығармашылық, тапқырлық және коммуникативтік, икемді дағдыларын дамытып, олардың бойында адами құндылықтар жүйесінің қалыптасуына ықпал ету.


Байқауда жеңіске жеткен командалар:

Гран При: Кубок «Жас қыран» 2 команда (түсі көк);

I Дәрежелі диплом: 4 команда - Жалын (түсі жасыл);

II Дәрежелі диплом: 1 команда - Алаш елі (түсі қызғылт сары) және3 команда - Зерде (түсі қызыл).

 

Байқауда берілген номинациялар: «Көрермендер көзайымы»(көрермендерге ұнаған команда мүшелеріне беріледі); «Таланты тұлға» (ән үздік орындағандарға берілді); «Дарынды жас»(Абайдың және Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын үздік айтқан балаларға берілді); «Өнер қырандары» (би өнерімен ерекшеленген балаларға берілді); «Шебер орындаушылар»(АРТ өнерінің үздік шығармашыл тұлғаларына берілді).

 

Дипломмен марапатталған команда жетекшілері (студенттерді):

«Үздік жетекші» дипломы - «Зерде» командысының жетекшісі Искакова Анар; «Шебер ұйымдастырушы» - «Жалын» команда жетекшісі Абусағи Айым; «Үйлесімді басқарушы» - Жас қыран команда жетекшісі Баятан Ұлбала; «Үздік ұйымдастырушы» - «Алаш ұрпағы» команда жетекшісі Керимбай Тәуекел.

 

Сонымен қатар, барлық командалардың мүшелері дипломдармен марапатталды, оларға естелік сыйлықтар мен университет логотипі бейнеленген қаламдар және басқа да сыйлықтар табыс етілді.

 

«Біз таланаттарды іздейміз!» байқауы жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті, қойылған мақсатқа жеткендегі, қонақтар мен байқауға қатысушылардың және ұйымдастырушылардың жағымды эмоциялық сезім алып, жоғары көңіл-күйлерінен байқалды.

 

  alt=  

 

  alt=    alt=

 

  alt=