қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2022

Беларусь мемлекеттік университетінде магистранттардың ғылыми тағылымдамасы


Халықаралық ынтымақтастық департаменті ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Математика, физика және информатика институты магистранттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасын Беларусь мемлекеттік университетінде (Беларусь) ұйымдастырды.


Беларусь мемлекеттік университеті әлемдік университеттер арасында үздік шетелдік жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Тағылымдама барысында магистранттар профессорлардың дәрістерін тыңдады. Бұл дәріс тақырыптары магистранттарға өте танымды, ақпаратты және пайдалы болды. Дәріс тақырыптары магистранттардың зерттеу жұмыстарының тақырыптарымен байланысты болды. Магистранттардың зерттеу жұмыстарының көп бөлігі БМУ ғылыми зертханаларында жүргізілді.


Магистранттар ғылыми тағылымдама кезеңінде диссертация тақырыбы бойынша материал жинау жұмыстарын жүргізді.


Шетелдік ғылыми тағылымдама Беларусь мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессорларымен танысуға және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, магистранттардың жаңа білім алуға және ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті.

 

  alt=  

 

  alt=    alt=