қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2022

«Бөбек - жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестігінің ғылыми-практикалық конференциясы


2022 жылдың 28 қарашасы күні Астана қаласында «Бөбек - жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестігінің ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, спикерлер таныстырылды. Қырғызстан мен Қазақстан арасында жоғарғы және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарына студенттерді орналастыру бойынша байланыс орнататын елшінің сөз сөйлеуімен жалғасты.


Спикерлер залда отырған жас қатысушыларға сұрақтар қойып, ғылым-білім, мәдениет пен спортқа үлес қосу арқылы жастардың арасында тренд қалыптастыруды мақсат еткенін «Бөбек - жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Маратұлы атап өтті. Ары қарай ұлттық аспабымызда ойнаған домбырашылар күй тартып, ән шашу етті. Іс-шараға Қазақстанның барлық обылыстары мен ТМД елдерінен жиналған жастарға «ТДМ ҮЗДІК ҰСТАЗ - 2022», «ТМД ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ - 2022», «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТ - 2022» I, II, III дәрежелі дипломдары ТМД елдер арасында жастардың ғылым-білімге, мәдиниетке, спортқа қосқан еңбектері үшін табысталып, куәлік пен төсбелгілері берілді. Осындай марапартқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтынан 5 студент ие болды. Олар: Бибісара Нұрмағанбетова, Жұлдыз Аманжол, Нуралим Ялгашбаев, Диана Раимбекова, Аружан Махамбетова «ТМД үздік студент - 2022» I, II дәрежелі дипломымен марапатталды. Осы студенттерге жетекшілік жасап, қолдау білдірген Гульжазира Меирбековаға алғыс хат табысталды.


Іс-шара «Бөбек - жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысандағы бірлестігінің төрағасының орынбасары Елнұр Омардың сөз сөйлеуімен аяқталды. Ол барлық марапатталғандарды құттықтап, оларға жаңа табыстар тіледі.

 

  alt=