қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.12.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Зеин Шашкиннің туғанына 110 жыл толуына арналған дөңгелек үстелге қатысты

 

2022 жылдың 30 қарашасында Филологи институтының РЯЛ-101, Филология-101, РЯЛ-202, ФЕК-203 топтарының студенттері ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Зеин Шашкиннің 110 жыл толуына арналған дөңгелек үстелге қатысты. Студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, ұрпақтарымен кездесті. Зеин Шашкин - көрнекті қазақ жазушысы, драматург, кеңестік тоталитаризмнің ауырлығын - қуғын-сүргін, кітап шығаруға тыйым салуды бастан өткерген ғалым. Оның өмірі - тар жол, тайғақ кешу, оның шығармалары кеңес заманының идеялық қайшылықтарына, таптық күрес диірменінің арасында қалған адамдардың үмітсіз трагедиясына үмітсіздігіне толы.


Іс-шараға қатысқан құрметті профессорлар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен студенттері жазушының қызы Қарлығаш Зеиновнаның сөздері арқылы сол заман атмосферасын сезінді.


Қатысушылар Зеин Шашкин шығармаларындағы баяндау серпінділігі мен жеңілдігімен ерекшеленетін бірегей поэтикасы туралы мағдұмат алды. Жазушының шығармашылығы студенттердің кеңестік тоталитаризмнің қатаң жүйесі және ХХ ғасырдың ортасындағы өткір әлеуметтік мәселелер туралы білімдерін едәуір кеңейтті.

 

  alt=  

 

  alt=    alt=