қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.04.2020

Құрметті білім алушылар!

 

Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20 - 30 сәуірі аралығында «Заманауи педагог-психолог қандай болуы қажет?» тақырыбында эссе жазу байқауына қатысуға шақырады.

 

Байқаудың мақсаты - білім алушы жастардың мамандығына деген сезімдерін жеткізе білуге үндеу. Өз мамандықтары туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту, байқау арқылы болашақ мамандардың кәсіби психологиялық-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

 

Байқауға Педагогика және психология мамандығының барлық 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші курс бакалавриат студенттері қатыса алады.

 

Қатысушылар жұмыстарын 30 сәуір айына дейін тапсыруы керек.

 

Байқау нәтижесі бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар беріліп, жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталады.

 

Байқау жұмыстары электрондық поштаға жіберіледі: 001_kafedra@mail.ru   

 

Үздік эссе жазу байқауының нәтижесі Университеттің сайтында жарияланады.