қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.04.2020

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде

2019-2020 оқу жылының көктемгі сессиясын өткізу туралы ақпарат

 

2020 жылғы 24 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ғылыми кеңесінің отырысы болып өтті.

 

Ғылыми кеңесте 2020 жылғы 16 наурыздан бастап жүргізіліп жатқан қашықтан оқытуды ұйымдастыру жұмыстары туралы баяндалып, 2019-2020 оқу жылының көктемгі сессиясына дайындық және оны өткізу мәселелері талқыланды.

 

Университет Ғылыми кеңесінің шешімімен 2019-2020 оқу жылының көктемгі сессиясы (аралық бақылау) академиялық күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 4 мамыры мен 7 маусымы аралығында қашықтан өткізіледі.

 

Емтихандар төмендегідей форматта жүзеге асырылады:

1. Онлайн-тест «Univer» жүйесінде жүргізіледі және тест тапсыру кезінде академиялық адалдықты бақылау үшін прокторинг жүйесі пайдаланады;

2. Шығармашылық пәндер бойынша емтихандар бейнеконференция форматында өткізіледі және прокторинг қолданылады.

 

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы мен университеттің көптеген студенттерінің өтініштерін қарастыра отырып, ағымдағы бағалар негізінде емтихан тапсырмай пән бойынша емтихан бағасын қою туралы шешім қабылданды. Мұндай шешім студенттің жеке өтініші мен интернет байланысының нашарлығын ескере отырып қолданылатын болады.

 

Жоғарыда айтылған шешімдерді орындау үшін нақты нұсқаулықтар дайындалды және ол институттардың директорлары арқылы студенттердің жеке өтініштері негізінде жүзеге асырылады.

 

2019-2020 оқу жылының қорытынды бақылауы (мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмыстарды қорғау) Академиялық күнтізбеге сәйкес маусым айында дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. Егер қажеттілік болып жатса, оларды да онлайн-тест, видеоконференция форматында прокторинті пайдаланып өткізетін «Б жоспарымыз» бар.

 

Сонымен бірге, оқу ақысын төлеу мерзімі мамыр айының соңына дейін ұзартылды және білім алушылар оқу ақысының төленгені немесе төленбегеніне қарамастан аралық және қорытынды бақылауға жіберіледі.

 

Өтініш үлгісі