қазақша · русский · english
 
 
 
 Ақжолова Ақтоты Төлеумұратқызы
«Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің жетекшісі
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 31
 +7(727)291-84-09
aktoty_72@mail.ru

 Исаева Жаксыгул Ибадуллаевна
«Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің менеджері
Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Төле би көшесі, 31
 8-701-372-60-00
oocud2020@mail.ru

 

Бөлімнің мақсаты: жоғары білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде даярлау бағыттары (мамандықтар) және білім беру деңгейлері бойынша оқу үрдісін кешенді қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Бөлімнің негізгі міндеті:
- Институттың оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру, сүйемелдеу;
- Оқу ісін сапалы ұйымдастыруды және оның мониторнингін қамтамасыз ету, студенттердің дайындық деңгейін жақсарту бойынша іс-шараларды талдау және жүзеге асыру;
Бөлімнің функциялары:
- Аудиториялық қорды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру бағытындағы қызметкерлермен және мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен білімалушылардың сабақ кестелерін құру және келісу, сабақ кестелеріне өзгерістер енгізу және оларды білім беру бағдарламаларына қатысушылардың назарына жеткізу;
- Студенттер қозғалысының басқару жүйесін ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету (оқуға қайта қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару, академиялық демалысқа шығару);
- Оқу үдерісін сүйемелдеу (студенттермен, магистранттармен, докторанттармен жұмыс, конкурстарға қатысу үшін, әртүрлі мәртебедегі жеке шәкіртақылар тағайындау үшін құжаттамалар дайындау, білімалушылармен келісім-шарттар бойынша жұмыс жасау);
- Емтихан сессияларының нәтижелерін шығару;
- Мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру, қорытынды шығару.
- Мемелекеттік емтихан комиссиясы шешімінің дұрыс рәсімделуін сүйемелдеу;
- Аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу, сүйемелдеу: қысқы/ көктемгі;
- Жазғы семестрді сүйемелдеу;
- Мемлекеттік шәкіртақыларды тағайындау және төлеу тәртібі;
- Білім берудің барлық деңгейлерінде курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрықты қалыптастыру;
- Білімалушылардың бітіру туралы бұйрығын қалыптастыру;
- Академиялық қарыздарды жоюды сүйемелдеу;
- Студенттердің жеке оқу жоспарларын құру және оларға өзгерістер енгізу;
- Пәндер бойынша (таңдау бойынша) тиісті білім беру бағдарламаларына студенттердің жазылуын, тіркеуін ұйымдастыру;
- Жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің рейтингтерін құру.
- Институттың/университеттің сайтына институттың білім беру қызметін ұйымдастыруға байланысты материалдарды орналастыруға дайындау, тиісті ақпараттың өзектілігін қамтамасыз ету.

1293