қазақша · русский · english
 
 
 
 Сабикенов Салахиден Нурсариевич
Кафедра меңгерушісі
З.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі
Қазыбек би көшесі, 28
 8-701-733-07-66
S.sabikenov@sorbonne.kz

 

Халықаралық құқық кафедрасы туралы
 
Халықаралық құқық кафедрасы 1993 жылы құрылды. Қазіргі уақытта 2014 жылдан бастап Сорбонна-Қазақстан институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оқу қызметін қазақ, орыс және француз тілдерінде жүзеге асырады.
 
2018 оқу жылынан бастап кафедраны з.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі С. Н. Сабикенов басқарады.
 
Халықаралық құқық кафедрасы Лотарингия университеті, Пуатье университеті, Страсбург университеті, «Universite Sorbonne Paris Cite» (France) секілді Францияның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады. 
 
Оқытуды қазақстандық, сондай-ақ Лотарингия университетінен (Франция) шақыртылған шетелдік оқытушылар жүргізеді.
 
 Білім беру бағдарламасын аккредиттеу
«6В04205 - Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының ТҚАО халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі 2023 жылы өтті. Аккредиттеу мерзімі: 22.06.2023-21.06.2028 ж.
 
Білім беру бағдарламалары:
Халықаралық құқық кафедрасы екі бағыт бойынша дайындықты жүзеге асырады:
Білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар:
- «6В04205-Халықаралық құқық»;
- «6В0411-Халықаралық құқық» - қос дипломды бағдарлама (Лотарингия, Франция).
 
Білім беру бағдарламалары бойынша магистрлер:
- «7М04205-Халықаралық құқық» (ғылыми-педагогикалық бағыт);
- «7М04209-Халықаралық құқық» (бейіндік бағыт).

Білім беру бағдарламасының мақсаты
Қазіргі заманғы пәндік, коммуникативтік, цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттерге, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жоғары деңгейіне ие, құқықтық актілерді кәсіби қолдануға және күрделі мәселелерді шешуге қабілетті халықаралық құқық саласында заңгер даярлау.
 
Білім беру бағдарламасының артықшылықтары
«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының бәсекелестік артықшылықтары:
- Францияның жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық.
- кафедра Лотарингия университетімен (Франция) халықаралық және Еуропалық құқық саласындағы қос дипломды бакалавриат бағдарламасы бойынша жоғары білім алуға кең мүмкіндіктер ұсынады, ол ең жоғары рейтингті жоғары оқу орындар қатарына кіреді;
- сабақтарды Франциядан келген профессорлар мен практиктер, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың судьялары жүргізеді;
- халықаралық құқыққа баса назар аудара отырып, 7 семестр бойы шет тілдерін оқытудың үздіксіз процесі арқылы тілдік даярлық деңгейін біртіндеп арттырады;
- Франция университеттеріндегі студенттердің академиялық ұтқырлығы.

Кафедра шет тілдерін (француз және ағылшын тілдерін) білетін жоғары білікті халықаралық заңгерлерді дайындайды. 1 курс студенттері үшін жатақханада тұру мүмкіндігі беріледі. Мамандарды даярлау үшін жақсы материалдық-техникалық база бар: лингафондық және мультимедиялық кабинеттер, компьютерлік сыныптар, Интернет, қашықтықтан оқыту қолданылады.
 
Түлектердің кәсіби қызметінің бағыттары:
- Қазақстан Республикасында және шетелде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- құқықтық қатынастарды шарттық-құқықтық реттеу;
- ҚР сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметін құқықтық қамтамасыз ету.

«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламаларының түлектері келесі лауазымдарды атқара алады:
- сыртқы қатынастар органдарының қызметкері (дипломат, консул);
- сарапшы-заңгер;
- халықаралық құқық саласындағы консультант (ҚР министрліктері мен агенттіктерінде, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде);
- заң кеңесшісі;
- адвокат (сыртқы экономикалық және сыртқы саяси қызмет мәселелері бойынша);
- ҚР Құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері;
- прокуратура органдары мен соттардағы қызметкер
- жергілікті мемлекеттік басқару органдары аппаратының маманы және т. б.
 
«Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы түлегінің моделі
- Кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік;
- Мақсаттар мен құндылық бағдарларының айқындылығы;
- Еңбекқорлық, өзін-өзі тәрбиелеу, сөйлеу белсенділігі;
- Эмоциялық интеллект және эмоционалды тұрақтылық;
-Тәжірибеге бағдарлану және кәсіпкерлік дағдылар;
- Тарихи және мәдени мұраны құрметтеу, толеранттылық;
- Цифрлық ортаны терең түсіну, жаңа мазмұнды құру дағдылары;
- Көптілділік;
- Сындарлы өзара әрекеттесу қабілеті, жаһандық сын-қатерлерге бейімделу;
- Көшбасшы болу, тәуелсіз шешім қабылдау қабілеті;
- Шығармашылық және әлеуметтік белсенділік;
- Үздіксіз кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту қабілеті.