қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.01.2023

Шығармашыл ұстаз шеберханасынан жаңалықтар


Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тургунбаева Ботагүл Алтаевна өзінің 70 жылдық мерейтойы аясында үш ғылыми-әдістемелік іс-шара өткізді. «Білім зерттеушісінің ғылыми адалдығы, әдебі және мәдениеті» тақырыбындағы конференцияға «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» және «Арнайы педагогика» мамандықтарының 1 курс докторанттары, институт ғалымдары мен оқытушылары, сондай-ақ Өзбекстанның бірқатар жоғары оқу орындарындағы әріптестері қатысты.


Екінші «Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру» тақырыбындағы тәлімгерлік сағатқа барлық мамандықтарда жұмыс жасайтын жас мамандар шақырылып, ол жас оқытушыларға сабақтың әр кезеңінде қолданылатын интербелсенді әдістерге машықтану жағдайында өтті. Ал магистранттармен ұйымдастырылған «Жаза білу жетістік» тақырыбындағы шеберлік сыныпта әртүрлі жазу техникалары үйретілді.

 

  alt=  

 

 

  alt=