қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.01.2023

«Оян, қазақ!», «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаяларының қоюшы режиссері Мұрат Есжанмен кездесу

 

2023 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласының №81 мектеп -гимназия директоры Нұрғали Турумбетовтың ұйымдастыруымен «Оян, қазақ!», «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаяларының қоюшы режиссері Мұрат Есжанмен және бас продюссер Айсауле Әбілдамен кездесу өтті. Кездесу шарасына университетіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шынғыс Нұрланов қатысты.


Мұрат Есжан кездесу барысында ғалым-ағартушы, ұлттық жазудың реформатыры, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектері туралы, сондай-ақ фильмге дайындық барысындағы шығармашылық ізденістері туралы әңгімеледі. Автор фильмді түсіру кезінде алған әсерімен, сондай-ақ түсірілім барысында фильмдеріндегі басты кейіпкер А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде және кинотаспаға сценарий жазуда терең ізденіс жасаған фактілерімен бөлісті.


Кездесуге қатысушылар фильмінің түсірілімі туралы, рөлдерді ойнаған актерлері мен фильмнің өзі туралы қызықтырған сұрақтар қойды.


Осындай фильмдердің арқасында әлем біздің ұлы тұлғаларымыз туралы біледі. Әрине, мұндай шығармалар болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент