қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.02.2014

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

С.Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы «Империя кеңістігіндегі Еуразияның әлеуметтік және мәдени тәжірибелері» атты Халықаралық сырттай ғылыми конференцияны  өткізу туралы жариялайды. 

2014 жылдың  28 маусым -28 шілде күндері, Өскемен қаласы

 

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді «Империя кеңістігіндегі Еуразияның әлеуметтік және мәдени тәжірибелері» атты Халықаралық сырттай  ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін Еуразияны (сонымен қатар, Алтай мен шекаралас аймақтар: Сібір, Моңғолия, Қытай, Қазақстан) зертттеуімен айналысатын барлық гуманитарлық ғылымдардың саласындағы зерттеушілер шақырылады.

Конференция шеңберінде келесі мәселелер талқыланады:

- Тарих жазудағы отарлау мәселесі;

- Әлеуметтік және мәдени тәжірибелер: алмасу, оңдіру құрастыру, жаңалық ашу;

- Кеңістік және уақыт ағымы категорияларындағы Алтай;

- Ұлттық нарративтердегі Алтайдың бейнесі.

Өтінімді 2014 жылдың 15 наурызға дейін, мақаланы (15 000 белгілерден кем емес, Times New Roman, 14 шрифт, аралық интервалы - 1,5, сілтемеллер мәттінен кейін автоматтық түрде) 15 сәуірге дейін unic12@mail.ru (Анар Смагулова, Канша Калиева) электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Материалдар ағылшын, орыс және қазақ тілінде қабылданады.

 

ӨТІНІМ ЖӘНЕ АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛЕМЕТТЕР

тегі, аты, әкесінің аты

 

жұмыс орны, қызметі

 

ғылыми дәрежесі мен атағы

 

мақаланың атауы

 

пошта индексі

 

телефон қала кодымен (үй, қызмет)

 

e-mail

 

материалдарды көрсету үшін қажетті техникалық құралдар

 

 

Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа және талаптарға сай емес материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың конференцияның баяндамалар жиынтығына қосылғаны туралы мәлемет 2014 жылдың 1 мамырына дейін жіберіледі. Мақаланы баспаға шығару ақысыз.

 

Ұйымдастыру комитеті