қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.05.2020

Хабарландыру!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтында онлайн режимде «Талапкер-2020» Ашық есік күні өтеді.


Іс-шараның мақсаты - біздің университетті және оның білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, бакалавриат (магистратура, докторантура) бағдарламасына түсуге ниет білдірушілер үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

Бұл күні университеттің білім беру бағдарламалары ұсынылады, барлық қатысушылар институт басшыларымен, кафедра оқытушыларымен, университетпен танысу мүмкіндігіне ие болады.

 

Кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері Сіздерді қызықтырған барлық сауалдарыңызға жауап береді, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтында оқудың артықшылықтары туралы әңгімелейді.


Өтетін күні мен уақыты: 18.05.2020 ж., сағат 13:00

 

Өтетін орны: Google Meet платформасы.

https://meet.google.com/sxy-wihr-hqw (google Meet)

 

Қосымша сұрақтар бойынша келесі тел. хабарласыңыз:

+7 775 400 0003

+7 777 771 7778