қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.05.2020

Университет қызметкерлерінің балалары арасында «Абай үміті» шығармашылық конкурсы


Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ұйымының қолдауымен ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылары құрамының балаларына арналған мәнерлеп оқу дағдыларын меңгерген балалары үшін «Абай үміті» шығармашылық конкурсы өткізіледі.


Мақсат - жас ұрпақты ұлы ақын мен ойшылдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жалпы қазақ әдебиеті мен поэзиясына баулу.


Жарыс онлайн-түрінде өткізіледі. Балалар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқудан 1-3 минуттық бейнеролик түсіріп, бізге жібереді. Бейнені конкурсқа қатысушының шеберлігіне, пайымдауына және өзі таңдаған шығармаларына байланысты әр түрлі тақырыптарға түсіруге болады.


Ұсынылған жұмыстар қатысушылардың жасына байланысты қарастырылады:

- мектеп жасына дейін;
- бастауыш сынып оқушылары;
- орта (5-7) сынып оқушылары.

Конкурсқа жіберілген туындылар 2020 жылдың 20-28 мамыр аралығында қабылданады. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауға қазылар алқасы құрылады. Конкурс нәтижесі 1 маусымда университеттің әлеуметтік желілерінде хабарланады.


Бейнероликтер Instagram парақшасы мен фейсбук желісінде, университет сайтында жарияланады.


Бейнероликпен бірге - баланың аты-тегі, туу туралы куәлігі, жасы, сыныбы, ата-анасының жұмыс орнын жазып, арнайы ұйымдастырушылардың WhatsApp нөмеріне жолдаулары қажет. Әр буын қатысушыларының турына жүлделі орындар қарастырылады.


Байқау жеңімпаздары университет ректорының арнайы дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.