қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.05.2017

«ЖАС ТҮЛЕК - 2017» бос орын жәрмеңкесі

 

             2017 жылдың 24 сәуірінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде «Жас Түлек - 2017» бос орын жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты - жұмыс берушілер мен университет түлектерінің кездесуін ұйымдастыру және түлектердің жұмысқа орналасуына көмектесу болып табылады.

        Әрбір оқу орындарындағы  кадрларды даярлаудың маңызды көрсеткіші - түлектердің жұмысқа орналасуы. Сол себепті Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің карьера орталығының қызметкерлері жұмыс берушілерге «Бос орын жәрмеңкесін» ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді. Нәтижесінде, университетімізде 2016 жылғы түлектерінің 92%- ы  жұмыспен қамтамасыз етілді.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде мамандарды әзірлеу бірнеше  бағыттар бойынша жүзеге асырылып келеді. Айта кетсек, білім, гуманитарлық ғылымдар, көркем өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар, қызмет көрсету бағыттары.  Банктен өкілдердің шақырылу себебі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде педагогикалық мамандардан басқа, экономика, банк қызметі және құқықтану мамандықтары бойынша кадрларды дайындайды.

Биылғы «Жас Түлек - 2017» жәрмеңкесі өте жоғары деңгейде өткізілді. Жәрмеңкені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов Айтқұлұлы салттанатты түрде ашылу рәсімін жүргізді. Институт директоры университетімізде жас мамандар еңбек нарығында өз орнын табу үшін әрдайым ізденістің инновациялық жолдарының мониторингы жүргізілетінін атап өтті. Университеттің ізденістерінің нәтижесінде жұмыс берушілердің түлектерге сұраныс деңгейі жоғарылап, еңбек нарығындағы кәсіпорындар мен ұйымдармен іскерлік байланыс орнатылды. Осыған қоса, университетте жас мамандардың терең білім алуына, кәсіптік шеберліктерін жетілдіруде және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ерекше көңіл бөлінетіні жайлы Берікжан Айтмұқанұлы баса айтты. 

       Бітіруші түлектерді жұмыспен қамту, тәжірибеге жіберу - маңызды кезеңдердің бірі. Қазіргі таңда университетімізде республикамыздың түкпірінен келіп білім алып, түлеп ұшуда. Жәрмеңкеге 200-ден астам жұмыс берушілер қатысты, соның ішінде, Алматы облысының білім беру басқармасының басшысы Л.Т. Базаркулова, Алматы қаласының Білім беру басқармасының өкілі, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының білім басқармасының өкілдері, Алматы қаласының мектеп директорлары, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, банк қызметкерлері және компания өкілдері. Жәрмеңкенің қонағы болып келген Батыстың Оралынан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бастығының орынбасары Гумарова Зәуре Базаргалиевна, ОҚО-ның Шымкент қаласындағы білім басқармасының өкілі Парман Қазыбек Токтарович, Жамбыл облысының білім басқармасының өкілі Бейсенаева Бибигуль Кошмаганбетовна, Алматы облысының Қарасай ауданындағы «мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалыбақ ауылының орта мектеп-гимназиясының» директоры Махамбетова Сәуле Оралханқызы түлектерді жұмысқа шақырып, ұсыныстарын айтты.

    Сонымен қатар, түлектерге Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы барысында «Дипломмен - ауылға» жобасы және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 Қаулысы бойынша «Маманды жұмысқа жіберу ережелері жайлы» толық ақпарат берілді. Жүргізілген іскери қызметтердің барысында жұмыс беруші өкілдерден 1200 бос жұмыс орны анықталды. Жәрмеңкеде жиналған барлық сұраныстар университет сайтында жарияланған  /http://kaznpu.kz/ru/78/page/

   Университет осы мекемелермен келісім шарт жасау арқылы байланысты күшейте отырып, биылғы жылы 1800 - ден аса түлектерді жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр.