қазақша · русский · english
 
 
 

Практикалық ағылшын тілі кафедрасы білім алушылар арасында ғылыми, ғылыми-зерттеу, білім беру қызметін және тәрбие жұмысын жүзеге асырады, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз етеді.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ)
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 46,75 штаттық бірлікте (25 822 сағат) бекітілген. Оның құрамында:

- PhD, аға оқытушы - 3

- Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы - 2

- Магистр, аға оқытушы - 23

- Магистр, оқытушы - 12

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Практикалық ағылшын тілі кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі білім беру стандарттарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

 

Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаларға қатысуы туралы ақпарат

Н.У.Сайбекова - 8132 «Kazak Türkçesinin Türkiye Türklerine Ögretimi» жобасының құрамында. Аталған жоба бойынша Гази университетінің профессор ғалымдарымен бірігіп жазылған 214 беттік оқу құралы баспада жарияланымда.

И.Б.Байсыдық - А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының BR21882227 «Жаңа Қазақстан контекстіндегі тілдік сананы жаңғыртудың лингвистикалық құралдары мен әзірлемелері» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы (2023-2025) аясында, Мемлекеттік тілдің педагогикалық дискурстағы терминологиясын жаңғыртудың ғылыми негіздерін анықтау және салалық терминдерді ұлттық үлгіде жаңғыртудың лингвистикалық тетіктерін анықтау атты ғылыми тапсырманың орындаушысы (қазан-желтоқсан 2023 жж.); Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша орындалатын ЖТН BR21882249 "Мәдениетаралық коммуникация құралы ретіндегі қазақ тілінің ұлттық корпусын (ҚТҰК) жетілдіру және оның ішкікорпустарын кеңейту" атты ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушысы (наурыз 2024 ж. бастап - қазіргі таңда).

Г.К.Мырзаханова - BR21882334 «Қазақ поэтикалық корпусы әзірлемесі: Абай өлеңдерінің морфологиялық және поэтикалық белгіленімі» ПЦФ орындаушысы.

Ч.К.Ордабаев, А. С. Набидуллин - «МӘДЕНИ КОНТЕНТ, МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК, МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС, РЕАЛИЯ, ТҰЖЫРЫМДАМА, ЕРТЕГІ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ, ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ» жобасына кіші ғылыми қызметкер ретінде қатысты. ҚазҰПУ жас ғалымдарының жобалары аясында. Жоба, халықаралық конференцияға қатысу және тағылымдамадан өту бойынша 2 мақала және 1 жарияланым жарияланды.

 

Ғылыми бағыттар:

- Ағылшын тілін оқыту әдістемесі

- Тілдік құзіреттілікті дамыту

- Цифрлық технологияларды қолдану

- Мәдениаралық коммуникация

 

Әдістемелік жұмыстар
Барлық пәндер бойынша ПОӘК, силлабустар бекітілген және универ жүйесіне уақытылы жүктелген.
Өткізілген семинарлар:

- "Тайм-менеджмент. Уақытты тиімді пайдаланудың әдістері" (22.12.2023)

- "Ағылшын тілі сабағында шешендік өнерді дамыту жолдары" (26.01.2024)

Халықаралық ынтымақтастық және кәсіби даму:

- EdCrunch X конференциясы (Алматы, 2023)

- Open Professional English Network (2023-2024)

- Halic University "Action Research" бағдарламасы (2023)

 

Студенттермен жұмыс
Семинарлар, олимпиадалар, ашық есік күндері арқылы студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту жүзеге асырылады.

 

Қорытынды
Практикалық ағылшын тілі кафедрасы заманауи әдістерді қолдана отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосуда