қазақша · русский · english
 
 
 

 

Практикалық ағылшын тілі кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен, сондай-ақ студенттер және магистранттармен орындалуда. Практикалық ағылшын тілі кафедрасы университетіміздің барлық мамандықтарына 1, 2 курс студенттері мен магистранттарына «Шетел тілі», «Кәсіби шетел тілі» пәндерінен практикалық сабақ береді. Кафедра оқытушылары үздіксіз білім беру және ғылыми зерттеулер негізінде заманауи білімді қалыптастыру мақсатында еңбек етіп келеді.

 

Кафедра білім мен ғылымның өзекті мәселелерін зерттейтін жоғары білікті мамандардан, ғалымдардан, филологтардан тұрады. Кафедраның жас ғалымы А.С.Набидулин мен PhD республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларды ұсынып жүр.

 

Оқытушылар біліктілікті жетілдіру, ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында АҚ «Өрлеу Ұлттық біліктілікті арттыру», Неміс академиялық алмасу бағдарламасымен (DAAD) методикалық және тілдік семинарлары, Макмиллан курстары, Британ елшілігі ұйымдастырған семинарларға белесенділікпен қатысады. Туркияның Фырат Университеті, Памуккале Университеті, Хаджи Байрам Вели Университеті, Акдениз Университетітағы да басқа алыс-жақын шет елдердегі бірқатар жоғарғы оқу орындарымен ғылыми-әдістемелік тұрғыда байланысып отырады. Оқытушылар ғылыми жұмыстары барысында алынған ғылыми нәтижелерін оқу үдерісінде белсенді түрде пайдаланады.

 

Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер мен магистранттар сыртқы және ішкі, халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу конференциялары мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алып отырады. 2021 жылдың 2 желтоқсанында институт деңгейінде өткізілген жыл сайынғы 76-шы дәстүрлі студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясына қатысу үшін кафедра оқытушыларының жетекшілігімен 26 баяндама дайындалды.


Оқытушылар құрамы монографиялық еңбек, ЖОО арналған оқулық - 4, импакт-факторы бар ғылыми журналдағы мақала - 5, ККСОН журналында - 17, алыс шетелдегі журналдарда жарияланған ғылыми мақала- 25, тезис мақалалар: таяу шетелдегі халықаралық ғылыми конференцияларда, ҚР-дағы әртүрлі журналдарда -150 ден аса жұмыстары жарық көрді.